(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САРЫАРҚА» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕ...

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 277 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;

2) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы 28 сәуірдегі

№ 277 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының іргелес жатқан жерінде орналасқан.

АЭА аумағы 940,51 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына ауданы 880,4 гектар болатын «Металлургия-металл өңдеу» индустриялық паркі және ауданы 60,11 гектар болатын № 1 «Кремний жазығы» қосалқы аймағы кіреді.

2. АЭА:

1) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын, атап айтқанда әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдар өндірісін дамыту;

2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары, жан-жақты бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару бойынша әлемдік деңгейдегі металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу саласын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

3) өндірілетін өнім ассортиментін кеңейту және сапасын жақсарту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.